Официальный сайт
Республиканского общественного объединения
"Совет Генералов"

Генералы Великой Степи

oblozhka.png - 226.15 KB

Энциклопедический справочник

Читать энциклопедический справочник

Видео

Архив

Статьи и материалы

ӘСКЕРИ БОРЫШЫН АДАЛ АТҚАРДЫ

Осыдан 28 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпаны күні кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауған мемлекетінен шығарылды. Осылайша, 10 жылға жуық мерзімге созылған соғыс аяқталды. Бұл соғыста Кеңес Одағы 15 мыңға жуық азаматынан айырылды. Бүгінгі 15 ақпан мерекесі – Ауған соғысының ардагерлері мен барлық қаза болған жауынгер-интернационалистерді еске алу және аза тұту күні.

1979 жылдың 25 желтоқсанынан бастап, 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО ҚК қатысуымен Ауған­стандағы әскери іс-қимылда 14258 кеңес азаматы қаза болды. Ресми дерекке сүйен­сек, ұрыста – 9511, жарақаттан – 2386, ауру салдарынан – 817, оқиғалар ке­зін­дегі апаттан, катастрофалардан, өзіне-өзі қол жұмсаудан (жауынгерлік емес іс-қимыл­дан) – 1739 адам қаза болған. Соның ішін­де 4 генерал, 2129 офи­цер, 632 прапорщик, 11549 сержант пен сарбаз, 139 жұмыскер мен қызмет­кер қаза болған.

Соғыс жылдары 417 әскери қызметші хабарсыз кетті немесе тұтқынға түсті. Олардың 119-ын құтқарып, 97-сі үйлеріне оралды, 22-сі өзге мемлекеттерде тұрады.
Ауғанстандағы жалпы шығын 469685 адамды құрайды. Оның ішінде жаралы­лар, зақымданғандар және жарақат алған­дар – 53753, ауырғандар саны – 415392 адам. Олардың ішінде сапқа оралғандар – 455071, денсаулығына байланысты шы­ға­­­рыл­ғандар – 11654 (олардың ішінде мү­ге­дек болып қалғандар саны – 10571 адам).

Бұдан өзге, ауған жеріндегі ұрыстарда АҚК-нен 585 қызметкер, ІІМ 28 қызмет­кер және 180 әскери кеңесші қаза болды.
Әскери техникалар бойынша шы­ғын­дар: 118 ұшақ, 333 тікұшақ, 147 танк, 1314 БМП және БТР, 433 қару мен миномет, 510 бірлік инженерлік техника, 11369 авто­көлікті құрады.
Жыл сайын кеңес халқын бұл соғыс 5 миллиард сомға шығындады.
Осы 1979 жылдың 25 желтоқсанынан бастап, 1989 жылдың 15 ақпаны кезеңінде Ауғанстандағы ұрыстарға 22269 қазақ­стан­дық қатысып, оның ішінде 924-і қаза болды, 1015-і мүгедек болып қалды, 21-і хабар-ошарсыз кетті.

Ауғанстандағы соғыс «Аса маңызды құжат» грифі қойылған «1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контигентін АДР кіргізу себебі бойынша Ауған басшылығы өтінішінің тізілімі» негізінде басталған болатын.
Осы жағдайда 1979 жылдың 12 жел­тоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы Л.Брежневтің КОКПОК Бас хатшысының кабинетінде Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізу тура­лы саяси шешімі қабылданған болатын.
Ауғанстанға әскерлерді кіргізу әскери операциясын екі кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, бірінші – 1979 жылдың 27-28 желтоқсаны, екінші 29-31 желтоқ­сан аралығы.

Бірінші кезеңі 27 желтоқсанда Дарул-Аман сарайы, Кабуль радиосы және басқа да маңызды объектілер шабуылмен алын­ды. Елдің президенті Хафизулла Амин шабуыл барысында граната жары­лысынан өлді. Ресми дерек бойынша «революция соты оны өлім жазасына кесті» және 28 желтоқсан күні Кабулдағы жағдай толық әскерлердің бақылауына көшті.
Екінші кезең мемлекеттік шекарадан өтіп, марш жасаған әскерлер Термез – Кабул – Газни, Кушка – Герот – Кандагар бағыттары бойынша елдің барынша маңызды әкімшілік орталықтарын басып алды. Кеңес әскерлерінің бір бөлігі Саланг арқылы Баграмға, Кабулдан Гардезге жіберілді. 1980 жыл бойы әскери контигент күшеюді жалғастырды.

Кеңес әскерлері келесі міндеттерді орындады: Кушка – Герат – шиндад-гиршет – Кандагар; Термез – Кабул; Кабул – Джелалабад; Кундуз – Файзабад; авто жолдарын күзетті; экономикалық ынтымақтастық жолдары: Шитеран-Джар­кудук газ өндіру кәсібі, Суруби, Наглез, Кабул электр бекеттерін күзетті, Кундуз, Файзабад, Баграм, Кабул, Кан­дагар және т.б. әуе айлақтарын күзетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті; 21 аймақтың (облыстың) билік органдарын нығайтуға қолдау көрсетті; жүк тиелген тізбектерді өткізді; оппозициялық бағыт­тағы жасақтарға ауғандық бөлім­дермен бірге әскери ұрыс жүргізді: Пәкістан мен Ираннан қару және оқ-дәрілер таситын көшпен күрес жүргізді; АДР басшылы­ғының өтініштері бойынша басқа да міндеттерді шешті.

1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында соғысты тоқтатып, елде бей­бітшілік орнату және коалициялық үкімет құру туралы КСРО өкілдері мен ауған оппозициясы, сондай-ақ Пәкістан, Иран басшылығы мен Ауғанстанның бұрынғы королі Зәкір Шахтың қатысуы­мен кездесу өтті. Осы келіссөздер аясында КСРО 1988 жылдың сәуірінде Женевадағы БҰҰ бақылаушыларының қадағалауын жүзеге асырғанын, Ауғанстан айналасындағы жағдайды саяси реттеу жөніндегі мін­деттемені толық орындағанын нақтылады.

Жоғарыда аталғандарды бәрі «соғыс» деп айтады. Бұл – жай соғыс қана емес, сол жерге әскери борышын өтеуге кеткен жігіттердің Отан алдындағы борыштарын адал атқаруы.
Ауған соғысы – тарихи факт қана емес, балалары соғыста қалған әкелер мен аналардың жазылмас жарасы.
Ауған аумағынан әскерлерді шығарған осы атаулы күнде Қазақстанда қызмет пен еңбек етіп жүрген, сондай-ақ зейнетке шыққан және қаза болған барлық Ауған соғысы ардагерлерінің аттары аталуы тиіс.
Құрметті Ауған соғысының арда­герлері, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күнімен құттықтаймын! Бұл соғыс сіздер көрген соңғы соғыс болып қалсын!

Әбдіқапар ҚАЗИЕВ, 
отставкадағы генерал-майор, 
Жамбыл облысы бойынша 
«Генералдар кеңесі» РБҚ өкілі, 
ҚР ҚК құрметті ардагері

Новости

Нас поддержали