Официальный сайт
Республиканского общественного объединения
"Совет Генералов"

Книга «Генералы Великой степи»

oblozhka.png - 226.15 KB

Энциклопедический справочник «Генералы Казахстана»

Читать энциклопедический справочник

Видео

Архив

 

Новости

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен "Алып - Анадан туады" атты дөңгелек үстел

2021 жылының 18 қараша күні Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық универиситетінде «Алып – Анадан туады» атты дөңгелек үстел өтті. Осы іс шараға құрметті қонақ ретінде «Генералдар кеңесі» Республикалық  қоғамдық ұйымының Президиум мүшесі генерал-майор Е.І. Мұсабаев, мүшелері генерал–майор М.Қ. Махамбет, генерал-майор М.А. Мажитов қатынасты. Университет басшылары, оның ішінде Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Касымбековна жүргізуімен генералдарды оқушы қыз балалардың табиғи қабілеттерін дамыту жолындағы іс шараларымен қатар, ерекше дарынды жастарға жол ашу үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Осыдан кейін, универиситет мұражайында генералдардың ұстаздармен, оқушы жастармен тікелей араласуымен емін еркін кездесу өтті.

Дөңгелек үстел арнайы осы кездесу үшін жабдықталған үлкен бөлмеде өткізілді. Кездесу университет басқарма төрағасы – Ректор Гулмира Әмірханқызы Қанайдың алғы сөзімен басталды. Ректор Қанай Г.Ә. өз сөзінде Универиситет тарихына қысқаша тоқталып өтіп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі осы аталған қыздар мұғалімдік оқу орнына жасалып жатқан қамқорлыққа толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, осы оқу орны қабырғасында еліміздің түпкір түпкірінен ұстаздық мамандықты арман еткен жас өспірім қыздар арнайы жиналғанын, олардың басым көпшілігі шаруасы орта мен нашар отбасылардан және шалғай ауылдардан екенін, жеті жатақханада мүмкіндігі болғанша ауыл қыздарына тұрмыс пен оқуға ыңғайлы жағдайлар жасалғаны баяндалды.

Ауылдан келген жастардың ішінде талабына таланты сай қыздардың баршылық екенін Қанай ханым ерекше мақтанышпен баяндай келіп,  келешекте осы оқу орнынан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің шығатынына сенімді екенін баса айтты. Өз кезегінде генералдар жеке жеке сөйлеп, тәуелсіздіктің елімізге қалай келгенін, қуанышпен бірге қобалжудың болғанын, еліміздің егемендігімен, шекарамыздың тұтастығын, халқымыздың тыныштығын сақтап қалу жолындағы арнаулы мемлекеттік органдарының, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдары мен шекарашылардың аяусыз жасаған еңбектері айтылды.

Кездесу сұрақтар мен жауаптарға ауысты, оқушы қыздар әскери қызмет, оның ішінде әскерилердің шаңырақ көтеру ерекшеліктері туралы көптеген сұрақтар қойылып, оларға бүкпесіз ашық жауаптар алып дән риза болды. Дөңгелек үстел, екі жақтың да ойы бойынша нақты, мағыналы өтіп көңілді аяқталды.

Наши партнеры